Атырау, 24 қараша 23:06
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Табылдының әнін орындаудан жерлесі жүлделі болды

Сурет Бейнежазба
1 996 просмотра

Ақтөбе қаласында жерлесіміз, бард ақын Табылды ДОСЫМОВТЫҢ әндерін орындаудан өткен республикалық «Сәйгүлік» байқауында атыраулық Алтынбек БАҚТЫГЕРЕЕВ «Биіктік» әнін орындап, жүлделі бірінші орын мен 600 мың теңге қаржылай сыйлықты жеңіп алды. Сайыстың бас жүлдесі мен 1 миллион теңге сыйлығын Маңғыстаудан келген Айгүл Құбаш еншілеген.  

Бард ақынның әндерін орындаушылар арасында республикалық байқау алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жанды дауыста шырқалған әндерді көрермендер де жоғары қабылдап, бірге қосыла шырқап отырды.

- Маған бұл байқауға қатысуға Индер аудандық Мәдениет үйі ұсыныс тастаған еді. Байқау шарты бойынша ақынның бір әнін орындап, бейнежазбамен конкурс комиссисына жолдау арқылы шақыртуға ие болдым, - дейді Алтынбек.

Алтынбек Индербор кентінде тұрады. Табылдының әндерін бала күннен орындайды. Гитараны да Табылды әндеріне ғашық болғандықтан үйреніп алған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

28 қазан 2021, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.