Атырау, 23 ақпан 00:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​Антиваксер Айна Бакеева 10 тәулікке қамалды

1 577 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған кадр

Антиваксер Айна Бакеева дәретханада мектеп оқушысын вакциналады деп жалған ақпарат таратқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Айна Бакеева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) және 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Қаулыны орындауды сот Шымкент ПД-не жүктеді.Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Бұған дейін Қазнетте елордалық №58 мектепте балаларға жасырын түрде дәретханада екпе жасалып жатқаны туралы жалған хабарлама тараған болатын. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы бұл жалған ақпарат екенін нақтылады. 

28 қазан 2021, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.