Атырау, 23 желтоқсан 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау облысында бір тәулікте 27 адам Covid-19 жұқтырған

1 820 рет қаралды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 27 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 19 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда: Жылыой ауданында - 1, Исатай ауданында - 1, ал Мақат ауданында - 2, Махамбет ауданында - 1 науқас анықталды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 16 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 7 адам емделді.

Қазір 254 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 112, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 31. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 62 науқас.

Инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы қазір "жасыл" аймақта орналасқан.

28 қазан 2021, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.