Атырау, 19 наурыз 09:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Таубаев пен Басаровтың ісі: «Мұндай қомақты ақшаны кинодан ғана көрдім»

1 718 просмотра

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур БАСАРОВҚА қатысты сот процесі жалғасуда. Сот куәгерлерден жауап алуды аяқтап, аудио-бейне жазбаларды қарауға және қылмыстық істің басқа материалдарын зерделеуге кірісті.

Қазір бұл іс бойынша негізгі адвокаттардың бірі Нұрлан ЖОЛБОЛОВ денсаулығына байланысты отырыстарға қатыспады. Нұрлан Таубаевтың қорғаушысы - оның ағасы Асқар ТАУБАЕВТЫҢ қайтыс болғанын да қайғырып атап өтеміз. Енді оның қызы Сабина БАҚТЫБАЕВА бұрынғы әкім орынбасарының қорғаушысы болды.

Соңғы отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Басаров ұсталған күні куәгер ретінде тартқан Айсұлтан ҚАЗИОЛЛАЕВТАН жауап алынды.

- Мен бұл ықшамауданда тұрмаймын, донер сатып алу үшін келген едім. Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ғимаратында ешқашан болған емеспін және онда туыстарымның ешқайсысы жұмыс істемейді. Донерхананың қасында маған өздерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлеріміз деп таныстырған адамдар келіп, қызметтік куәліктерін көрсетіп, күдіктіні ұстауға куәгер ретінде қатысуды өтінді. Мен табиғатымнан әуесқой адаммын, маған қызық болғасын келістім, – деді Қазиоллаев.

– Басаров ұсталғанша қанша күттіңіз? – деп сұрады адвокат Мұратхан АМИТОВ.

- Бір сағаттай, бірақ нақты есімде жоқ. Біз көлікте отырып күттік. Мен жүргізушінің қасында отырдым. Арт жақта қанша адам отырғаны есімде жоқ. Кейін маған шығып, қызметкерлердің соңынан баруымды өтінді. Бұл жерде қызметкерлер де, бейтаныс адамдар да, тағы бір куәгер болды. Оның куәгер екенін екеумізге сөмкенің ішіндегіні қарауды өтінгенде білдім.

– Ұсталушының қасында қанша адам болды?

- Біз ұстау орнына жақындағанда Басаровтың алдында қара сөмке жатыр екен, оны екі қызметкер ұстап тұрды. Нақты қанша адам болғанын айта алмаймын, есімде жоқ. Сол жерде куәгерлерге, сондай-ақ ұсталушыға құқықтарымыз түсіндірілді. Сөмке ішінде теңге, доллармен көп ақша болды. Мен сонша ақшаны кинодан ғана көрдім. Т.Басаров қамауға алу кезінде сабырлы болды, ештеңе айтпады. Оған ешкім қысым көрсетпеді, бәрі тыныш болды. Тергеуші сол жерде ақшаны санап, барлық банкнот нөмірлерін жариялады. Сол кезде мен кімнің ұсталғанын білмедім. Содан кейін интернеттен оқыдым.

Сотта куәгерден жауап алынғаннан кейін Басаровты ұстау кезіндегі бейнежазба зерттелді.

Сот процесі жалғасуда.

Фархат АБИЛОВ

27 қазан 2021, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.