Атырау, 22 желтоқсан 18:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Цукерберг пен әйелі зорлық жасады деп айыпталды - БАҚ

1 595 рет қаралды

Facebook басшысы Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чанның бұрынғы қызметкерлері ерлі-зайыпты жыныстық зорлық жасады деп сотқа шағымданды, - деп хабарлайды РИА Новости.

NBC телеарнасының хабарлауынша, 2017 жылдан 2019 жылға дейін Джон Доу үй шаруасын басқарушы ретінде қызмет атқарған. Сондай-ақ, Миа Кинг 2018 жылдан 2019 жылға дейін Limitless Specialty Services LLC компаниясында жұмыс істеген. Ол ерлі-зайыптының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Отбасы мүшесі Бен ЛаБолт айыптауды жоққа шығарып, дәлелдеу мүмкін емес екенін айтты.

"Отбасылық кеңседе жұмыс істейтін мамандармен мақтанамыз. Әріптестерімізді әділетсіз қорлаған айыптаулар сәтсіз болатынына сенеміз", - деді ол.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір сот іс бойынша ешқандай тыңдалым тағайындаған жоқ. 

Айта кетейік, Facebook кейінгі кезде қатты қысымға ұшыраған еді. Бұған дейін компанияның бұрынғы қызметкері Wall Street Journal-да ашылған мақалалардың негізі болатын, корпорацияда жүргізілген зерттеулердің көшірмелерін сақтаған. Хауген әлеуметтік желіні арандатушы мазмұнды әдейі таратып отыр деп айыптаған.

Марк Цукерберг өз кезегінде Facebook-тің ішкі қызметі туралы бұрынғы қызметкерлерінің жариялаған мәліметтері компанияның жалған бейнесін жасаудың келісілген әрекеті екенін айтқан.

27 қазан 2021, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.