Атырау, 9 қазан 13:28
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Қазақстан ауған әйелдеріне арналған транзиттік дәліз ұсынды

1 102 просмотра

Қазақстан ауған әйелдері үшін транзиттік дәліз ұсынды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттерін ескере отырып, президент ауған әйелдері үшін транзиттік дәліз ұсыну туралы шешім шығарды", - деп хабарлады СІМ.

Транзит арқылы Алматы әуежайынан басқа елдерге ұшуға болады.

Бұған дейін 17 қазанда Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған делегация Ауғанстанға барған еді. Сыртқы саяси ведомство сапар аясында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланғанын хабарлаған.

26 қазан 2021, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.