Атырау, 23 желтоқсан 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Екі полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалып, кейін тоқтатылды

Толықтырылды
2 123 рет қаралды

Атырау қалалық ПБ көші-қон бөлімінің екі қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Көші-қон бөлімінің қызметкерлері «Дина» базарында заңды негізсіз бизнес субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізген. Осы факті бойынша аталған екі полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады қалалық прокуратура.

Кейінірек полиция департаментінің баспасөз қызметі мынадай түсініктеме берді: «2021 жылдың шілдесінде Атырау облысы ПД Ішкі қауіпсіздік қызметіне Атырау қаласының прокуратурасынан Өзбекстан Республикасының азаматтарын көші-қон қызметкерлерінің Атырау қаласының полиция басқармасына заңсыз жеткізгені туралы материалдар келіп түсті. Бұл материал ҚР ҚК-нің 362-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Содан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды».

Фархат АБИЛОВ

26 қазан 2021, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.