Атырау, 29 наурыз 07:37
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Цой Pfizer-мен келісім туралы: Денсаумин әлдене жасырғандай сұрақ қойылып жүр

941 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer өкілдеріне коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу туралы келісімнің егжей-тегжейін түсіндіру үшін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен брифингке шығуды ұсынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз компания өкілдеріне бізбен брифинге шығуды ұсындық. Денсаулық сақтау министрлігі барлығын ашып айтпайды деген сынға жиі ұшыраймыз. Біз белгілі бір талап бойынша ақпараттарды құпия ұстаймыз. Жақын арада компания өкілдерімен бірге брифингке шығамыз деп ойлаймын. Олардан көп сұрақтарға өздері жауап берулерін сұраймыз, өйткені келісімшартта белгілі бір талаптар бекітілген", - деді денсаулық сақтау министрі.
26 қазан 2021, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.