Атырау, 9 қазан 14:24
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Көршілес елдерде эпиджағдай қиындап барады - Мамин

997 просмотра

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин көрші елдерде коронавирусқа қатысты жағдай күрделі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Бұл ретте көршілес елдерде жағдай қиындап бара жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан облыстардың, әсіресе, шекаралас облыстардың әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қадағалауы қажет, аурушаңдық деңгейін нақты қадағалап, шұғыл шаралар қабылдаңыздар", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министр мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды.

"Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтеді. Қазіргі уақытта бірінші компонентпен 8,2 миллионнан аса адам, екінші компонентпен 7,4 миллионға жуық адам егілді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі жағдайды жеке бақылауға алып, вакцинациямен қамтамасыз етсін", - деп қосты Үкімет басшысы.
26 қазан 2021, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.