Атырау, 9 қазан 14:22
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Әлем чемпионатында қазақстандық боксшының жекпе-жегінен кейін күтпеген жағдай болды

1 161 просмотра

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Серік Теміржановтың жекпе-жегінен кейін күтпеген жайт болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Жеңімпаз белгілі болған кезде Теміржановтың бұрышы аталып, бірақ жеңілген қарсылас, Азияның қазіргі чемпионы моңғол Энх-Амара Хархуудың есімі аталған.

"Аздап уайымдауға тура келді, бірақ, әрине, қазақстандық өтті", - деп жазды басылым.

23 жастағы Теміржановтың келесі қарсыласы 2019 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы - жапон боксшысы Рейто Цуцуми болмақ.

Еске салайық, Серік Теміржанов 2020 жылғы Токиода өткен Олимпиаданың 1/8 финалында жеңіліп қалған болатын. Қазақстан құрамасының жекпе-жек кестесін мына жерден көруге болады.


26 қазан 2021, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.