Атырау, 25 сәуір 20:08
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

22 жасында көпбалалы ана атанды: Түркістанда дүниеге үшем келді - фото

Сурет
1 378 просмотра

Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны дүниеге үшем әкеліп, көп балалы ана атанды.  

22 жастағы Гулмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды.

Түркістан облысында үшем дүниеге келді © PHOTO : ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ Түркістан облысында үшем дүниеге келді

"Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310гр, 1980 гр болған", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға әзір.

Түркістан облысында үшем дүниеге келді © PHOTO : ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Айта кетері, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. 


25 қазан 2021, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.