Атырау, 23 ақпан 01:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Бердімұхамедов Тоқаевқа ақалтеке мен тазы күшігін сыйға тартты

1 201 рет қаралды

Қазақстан Президенті Ашхабадқа екі күндік мемлекеттік сапармен барды. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ат спорты кешенін аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ақалтеке сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жариялады.

"Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады.
Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты", - деп жазды Берік Уәли.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне "керемет сыйы" және "бауырлас түрікмен халқы" тарапынан достық танытқаны үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ақалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көргені хабарланған болатын.

25 қазан 2021, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.