Атырау, 9 қазан 15:16
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Қаскеленде жолаушы жолдың ортасында оқ жаудырды

1 210 просмотра

Алматы облысы Қаскелең қаласында ер адам көліктен оқ атты. Полицейлер видео кейіпкерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, оқиға 23 қазан күні сағат 17.30 шамасында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы Абылай хан көшесінде үйлену тойы кезінде болған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер аспанға оқ атқан ер адамды анықтады, ол Қарасай ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Көлік айыппұл тұрағына қойылып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Кейіннен, заң бұзушылардың қалған бөлігі анықталды - ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы, 2-бөлігі, 590-бабы, 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар жасалған Hundai және Mercedes автокөліктерінің жүргізушілері мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөлік). Бұл жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері автотұраққа қойылды.


25 қазан 2021, 08:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.