Атырау, 18 сәуір 21:10
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиев ақталды

1 428 просмотра

Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық сотында Қазақстанның Тұңғыш Президенті резиденциясы аумағындағы Қарасу көлін тазалау кезінде ақша жымқырды деген айыптау ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрынғы Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев өз әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауы себепті ақталды.

Сот Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековті қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танып, олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмағаны үшін ақтады, - деді үкімді оқыған судья Кемеңгер Имашев.

Вице-министрлерден бөлек, бұл іс бойынша тағы алты адам сотталған еді. Олардың барлығы да ақталды.

Олар Энергетика министрлігінің департаментінде басшы болған Жан Нұрбеков, "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Дәурен Дуанбек, мердігер өкілдері Серік Жұмалинов пен Бекзат Қадырберлин, Нұрлан Ғарифолла мен Берден Жаркенов. Сот олардың әрекеттерінде де қылмыс құрамы жоқ деп санайды.

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін келтірілген шығынды өтету құқығы бар, - деді судья.

2018 жылы бұрынғы вице-министрлер Қарасу көлін тазалауға бөлінген ақшаны жымқыру бойынша күдікті болды. Екі шенеунікке сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылған. 2020 жылы бұл іс прокурорға қайтарылды. Тыңдау биыл маусым айында өткен.

22 қазан 2021, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.