Атырау, 25 желтоқсан 03:14
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктер сайты істемей қалды

1 355 рет қаралды

Қазақстанда мемлекеттік органдардың веб-сайттары техникалық ақауға байланысты жұмыс істемей тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктер мен әкімдіктердің gov.kz сервисінде жұмыс істейтін ресми сайттарына кіру мүмкін емес. Сайтқа кірген кезде пайдаланушыға ақ экран бетінде "тілдерді жүктеу" деген жазу шығады. Бұл ақау 22 қазан таңертең пайда болды.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мемлекеттік органдар сайтындағы ақауды растап, қазір порталды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді

"Қазіргі уақытта EPIR GO жобасындағы ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деді баспасөз қызметі.
22 қазан 2021, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.