Атырау, 9 қазан 15:19
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Тоқаев: Балаларды бір тілмен шектемеу керек

1 140 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық балаларға қай тілдерді меңгеру керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында Тоқаев қазақстандық мектептердің түлектері бәсекеге қабілетті болуы керек деп мәлімдеді.

"Ол үшін мемлекеттік тілді де, ұлттық тілді де, орыс тілін де білу керек. Жалпы, біздің балаларымыз әртүрлі тілдерді қаншалықты көп білсе, соғұрлым олар үшін жақсы болады.
Оларды тек бір тілмен шектеудің қажеті жоқ. Осылайша, әрекет ете отырып, біз олардың болашақ дамуы мен интеграциясын іс жүзінде шектейміз, ақыр соңында оларды жарқын болашаққа деген перспективадан айырамыз", - деді Тоқаев.

Президент Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін мұқият зерттеп, оны Қазақстанға көшіруі тиіс екенін айтты.

21 қазан 2021, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.