Атырау, 25 желтоқсан 03:14
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Президент патриоттық бағыттағы TikTok жобасын құруды қолдады

1 366 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok пен Instagram-дағы жобаларды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында Президент балалар бос уақыты көп болғандықтан қажетсіз нәрселерге алаңдайтынын, ал ата-ана мен мұғалімдер оларды әрдайым қадағалай алмайтынын мәлімдеді. Ол елімізде жаппай балалар спортын дамытуға, сондай-ақ балалар театрларын ашуға шақырды.

"Балалар арасында таланттар көп. Жезқазғанда балалардың домбырада ойнағанын көрдім, оларға қолдау көрсету керек. Сіздің "Біздің өлке тарихы" TikTok жобасына қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Бұл - жақсы жоба. Қазір жастар негізінен TikTok және Instagram-да отырады, бұл - өмір шындығы. Осы шындыққа сәйкес, балаларымыздың көңіл күйіне, мәдениетіне және тәрбиесіне оң әсер етейік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев отырыста.

TikTok жобасын құру идеясын Ақмола облысының поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская ұсынды. Оның пікірінше, жоба "интернетті қажетті және пайдалы бағытқа бағыттауға" көмектеседі.

21 қазан 2021, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.