ZHASALASH.KZ. «Қытай сорған мұнай – қазақтың несiбесiн кемiтуде» - Дереккөздерге сүйенсек, қазақ мұнайындағы Қытайдың үлесi қазiр 30 миллион тоннаға жеткен және оның көлемi күн санап ұлғайып келедi.
«Серiк Сәрсенов: Бұл да өтiрiкке жол берген заңсыз сот болды» - 14 шекарашы мен бiр қорықшыны өлтiрiп, өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесiлген Владислав Челахтың адвокаты Серiк Сәрсенов соттың қаулысы қолына тиген соң, әрмен қарайғы әрекеттерге кiрiсемiн деп нық бекiнiптi. Ал өзiн адвокаттық лицензиядан айыру мәселесiн қорғаушы саясиландырылған шешiм деп есептейдi.
«Виктор Храпунов: Мен сiздерге көп нәрсе айтып беремiн...» - Виктор Храпунов “К+” телеарнасына кезектi рет сұхбат бердi. Бұл жолғысы бұрынғысынан өзгеше. Өзгеше болатын себебi – бұған дейiн “бас жаққа барысқысы келмеп едi”, ендi саяси қастандықтарды сөз ете бастапты.
AIKYN.KZ. «Менің атым – Қожа» енді көрсетілмеуі мүмкін»- Талай қазақ баласы көріп өскен, ұлты¬мыздың «алтын қорына» енген «Менің атым – Қожа» фильмін балалардың көруіне енді тыйым салынуы мүмкін. Бүгінде Парламентте жас қазақстандықтарды, олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғауды қарастыратын, тыйым қоятын заң жобасы қаралуда.
«Бату ханның алтын аттары қайда?» - Тарихта аты ерекше аталатын тұлғалардың тұлғасы Шыңғыс хан екені әмбеге аян. Оның жаугер төрт ұлының аттары да тарихта танымалдылығы жағынан әкелерінен кем түспейді.
BAQ.KZ. «Алматы қалалық мәслихатының хатшысы жұмысшыларды алдап соққан ба?» - Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Төлеубек Мұқашевқа жұмысшыларды алдап соққан деген айып тағылып отыр.
«Айтбақы Біләлов көз жұмардан 3 күн бұрын сотқа арызданған» - «Валют-Транзит Банктің» бұрынғы төрағасы Айтбақы Біләлов (Андрей Беляев) қайтыс боларынан үш күн бұрын, яғни, ақпанның 8-і күні Қарағанды облысы Абай аудандық сотына өзін қамаудан мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түсірген.
EGEMEN.KZ. "Ұлыбританияның үш жасар тұрғыны әлемнің ғұламаларын артта қалдырды» - Кішкентай бүлдіршіннің IQ көрсеткіші – таңқаларлық – 162. Алиса адамның когнитивтік, яғни танымдық қабілеттерін бағалайтын Стэнфорд-Бине тестін тапсырған. Балдырғанның көрсеткіші әлемге әйгілі кейбір ғалымдар мен тарихи тұлғалардікінен де анағұрлым жоғары болып шықты.
MASA.KZ. «Валентина» екі туып, бір қалғанымыз ба?» - үниенің төрт бұрышына құдды бір әкесінің үйінде жүргендей алшаң басып еркін тараған жат діннің, өзге мәдениет пен өркениеттің, басқа салт-сананың мерекесі сол елдердің тірегі болған қылшылдаған жастарының жүрегін жаулаған «Валентин» деген кім өзі?
AZATTYQ.ORG. «Еуропадағы жылқы еті дауының астары» - Сиыр етіне жылқы еті қосылғанын білген еуропалықтар қатты наразы болды. Ғалымдардың айтуынша, бұған тұтынушының алданғаны ғана емес, тыйымның бұзылғаны да себепкер.
«АҚШ пен Ресей арасындағы «үш түйткіл» - АҚШ-Ресей қатынастарының тарихы екі ғасырдан асты. Екі елдің қауіпті бәсекелес екенін әлем біледі. Америкалық саясаттанушы Лурье осы тақырыпқа мақала арнапты. Онда Қазақстанның болашағы туралы да жазылған.