Атырау, 24 сәуір 18:07
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Қоластындағыларды ұрады". Полиция бастығы даулы видеодан кейін қызметінен босатылды

1 082 просмотра

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан әуежайында түсірілген даулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің жанжалы түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған. Видеода ер адам полицейлердің бірін ұрғаны көрінеді. Видео сипаттамасында "желілік полиция бөлімінің бастығы қоластындағыларды ұрып жатыр" деп жазылған.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, видео жарияланғаннан кейін қызметтік тексеру жүргізілген.

"Көліктегі полиция басқармасының бұйрығы бойынша желілік полиция бөлімінің бастығы, сондай-ақ оның кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте көліктегі ПД жоғары басшылығының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылғаны да айтылады.

"Көліктегі полиция департаментінің басшылығы бұл жағдай өрескел деп санайды және қызметтік-әскери тәртіпті бұзатын басшылар мен қызметкерлерден қатарды тазарту қағидатын ұстанады", - делінген ведомство хабарламасында.
20 қазан 2021, 22:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.