Атырау, 6 маусым 19:31
 дождьВ Атырау +27.4
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Қазақстандық Италияда өткен ән байқауында жүлделі орынға ие болды

1 271 рет қаралды

10 жастағы Әмина Арыстанбек 11-14 қазан аралығында Италияда өткен әйгілі халықаралық Sanremo Junior-2021 балалар байқауында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас вокалист, скрипкашы оркестрдің сүйемелдеуімен Fairytale композициясын орындады. Дәл осы композициямен 2009 жылы Александр Рыбак "Евровидение" байқауында жеңіске жеткен.

Sanremo Junior - 2021 байқауына карантин шараларына, шекаралардың жабылғанына қарамастан, әлемнің 22 елінен қатысушылар келді.

Сонымен қатар, Әмина байқауда арнайы жүлде - Украинаның Junior Eurovision халықаралық байқауының финалына қатысуға шақыру алды.  Жүлдені ұйымның директоры Влад Багинский табыстады. Байқау 2021 жылы 30 қазанда Киевте өтеді.

20 қазан 2021, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.