Атырау, 19 мамыр 13:10
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырады: бір жасар бала қаза болды

1 115 просмотра

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бір жасар бала қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, сағат 21.45 шамасында Mercedes көлігін тізгіндеген 37 жастағы полицей жұмыс ауысымынан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Республика даңғылымен келе жатқан полиция қызметкері Республика-Дюсембеков көшелері қиылысында бағдаршамның сары түсіне шығып кетіп, 29 жастағы жүргізуші басқарған ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігіндегі бір жасар жолаушы алған жарақатынан қаза болды. Көлік жүргізушісі мен түрлі жарақат алған 27 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт бойынша 345-баптың 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 37 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі өкілдері.
20 қазан 2021, 08:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.