Атырау, 1 желтоқсан 11:32
 ашықВ Атырау +8
$ 434.16
€ 493.29
₽ 5.81

Түркістан облысында мектеп директоры мен білім саласындағы шенеунік ұсталды

577 просмотра

Түркістан облысында аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы мен ауыл мектебінің директоры ұсталды. Оларға мұғалімді жұмысқа орналастырғаны үшін пара алды деген айып тағылды. Оқиғаның мән-жайын Түркістан мамандандырылған тергеу соты хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Түркістан облыстық тергеу сотының судьясы Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Құралай Шадиева мен жергілікті №14 мектептің директоры Арман Пернебаевқа қатысты қаулы шығарды. Оларға Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша айып тағылып отыр. 

Сот екеуін де қамауға алуға және тергеу кезінде тұтқында ұстауға санкция берді. Шенеуніктер өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жедел-тергеу жұмыстары нәтижесінде ұсталды. Күдіктілер мектепке мұғалімді жұмысқа орналастыруды ұсынып, миллион теңге сыйақы алмақ болған. 

 Түркістан облысында жоғалған бала арықта ұйықтап жатқан жерінен табылды Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Екі күдікті де өзін кепілге жіберуді сұрап отыр, олар жылжымайтын мүлік пен қолма-қол ақша беруге дайын. Олардың өтінішін Түркістан облыстық соты қарастырады.

19 қазан, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.