Атырау, 24 желтоқсан 22:45
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оралда итті байлап алып, көшеде сүйреген жүргізуші анықталды

1 429 рет қаралды

Оралда жүргізуші итті көлікке байлап, көшеде сүйреген. Оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді, - деп хабарлайды "Мой город".

Әлеуметтік желіде көлікке байланған итті көшеде сүйреп бара жатқан видео таралып жатыр. Видео авторы артта келе жатқан көлікте не болып жатқанын видеоға түсірген. Оның айтуынша, кадр Оралда түсірілген.

Қалалық полиция бөлімі көлік жүргізушісін анықтады. Ол - Орал қаласының 55 жастағы тұрғыны.

"Өкінішке орай, ит өлді. Бұл дерек полиция бөлімінде тіркелді. Қазір қызметкерлер оқиғаның себептерін анықтап жатыр", - деп хабарлады полиция.

Бұл Қазақстанда жүргізушілер иттерді көлікке байлап, қала көшелерімен сүйреген бірінші жағдай емес. Бұған дейін Екібастұзда 2020 жылдың соңында және Атырауда қаңтарда болған.

19 қазан 2021, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.