Атырау, 24 желтоқсан 22:44
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Цой Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді

1 048 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы кезінде министр эпиджағдайдың тұрақтануына байланысты, сондай-ақ вакцинация деңгейі 70 пайызға жеткендіктен, ВАК шешімі бойынша 20 қазаннан бастап келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін хабарлады: 

  • келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі;
  • түнгі клубтардың қызметі тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларға арналған, олардың толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ: "жасыл" аймақта 100 адамнан артық емес; "сары" аймақта 70 адамнан артық емес; "қызыл" аймақта 50 адамнан артық емес. 
  • Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту: "жасыл" аймақта 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 05:00-ге дейін; "сары" аймақта 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 03:00-ге дейін.
19 қазан 2021, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.