Атырау, 13 сәуір 08:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

БҰҰ басшысы COVID-19 жаңа штамы неден пайда болғанын айтты

1 325 рет қаралды

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) басшысы Антонио Гутерриш вакцинаның біркелкі бөлінбеуі коронавирустың жаңа штамдарының дамуына және әлем елдеріндегі экономикалық құлдыраудың жалғасуына әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҰҰ бас хатшысы әлем елдерін бірігуге шақырды, өйткені онсыз өлім санының төмендеуіне қол жеткізу мүмкін емес екенін айтты.

"Вакцинациядағы теңсіздік COVID-19 штамдарының дамуына және көбеюіне, өлім санының артуына, экономикалық құлдыраудың жалғасуына әкеледі", - деді Гуттериш Twitter -дегі парақшасында.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш адамзат коронавирус пандемиясынан сүрінбей өткенін айтқан болатын. 

18 қазан 2021, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.