Атырау, 26 сәуір 23:52
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Бауырынан ұрған". Түркістанда 10 жастағы оқушы мектеп әжетханасында соққыға жығылып қайтыс болды

1 185 просмотра

Түркістанда 10 жастағы мектеп оқушысының туыстары оны сыныптастары мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жығып, содан қайтыс болған деп отыр. Рамазанның отбасы бесінші сынып оқушысынан әлдекімдер ақша талап етіп аямай ұрғанын, артынша ол ауруханадан бір-ақ шыққанын айтады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Оқушының әжесінің сөзінше, немересі жұмада мектептен келгеннен кейін мазасы болмай, денесі сырқырап тұрғанын айтқан. Дүйсенбі күні ауырып тұрғанына қарамастан Рамазан мектепке барған. Бірақ содан кейін Рамазанның жағдайы нашарлай бастаған. 

"Оны мектеп әжетханасында соққыға жыққан. Дәрігерлер бас жарақатын алғанын айтады. Қан ұйып қалған, содан кейін тамыры қысылып қалған. Одан бөлек, бауырынан ұрған. Артынша, ата-аналар балалардан ақша талап етілетінін анықтаған. Сыныпта өзін атаман деп атайтын бала бар екен", - дейді Гүлнар Маханова. 


15 қазан 2021, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.