Атырау, 24 желтоқсан 21:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстандықтар 2022 жылы қалай демалады?

1 456 рет қаралды

2022 жылы қазақстандықтарда 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, күнтізбе бес күндік жұмыс немесе оқу аптасы бойынша жасалды. 

2022 жылы болатын ең ұзақ демалыстар: 

қаңтарда - Жаңа жылда 4 күн;

наурызда - Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн және Наурыз мейрамында 5 күн;

мамырда - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн;

желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады. 

7 қаңтардағы Рождество мейрамы жұмаға түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ал Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Заң бойынша, діни мейрамдар демалыс күнге түскен жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.  

15 қазан 2021, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.