Атырау, 26 сәуір 12:02
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

1 065 просмотра

Жыл басынан бері 14358 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода атап өткендей, 1991 жылдан бастап Қазақстанға 1,084 миллион этникалық қазақ оралды.

Этникалық қазақтардың басым бөлігі биыл Өзбекстаннан келді - 76,3 пайыз. 9,4 пайызы Қытайдан, 6,4 пайызы Түрікменстаннан, 2,5 пайызы Моңғолиядан және 5,4 пайызы басқа елдерден.

Отанына оралған этникалық қазақтар қоныстанған аймақтар:

Алматы облысында (28 пайыз); Маңғыстау облысында (19,3 пайыз); Түркістан облысында (13,5 пайыз); Жамбыл облысында (8,1 пайыз); сондай-ақ Шымкент қаласында (10,7 пайыз).

Қандас мәртебесін алып, қоныс аударушылардың 55 пайызы еңбекке жарамды, 27,9 пайызы еңбекке жарамды жастардан кіші және 17,1 пайызы зейнеткерлер.

Білім деңгейі бойынша еңбекке жарамды үміткерлердің 11,1 пайызы жоғары білімді, 39,8 пайызы орта арнаулы, 45,5 пайызы жалпы орта және 3,6 пайызы білімі жоқ.

Еске салайық, "қандастар" термині Қазақстанда "оралман" сөзімен ауыстырылды. Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Қазақ тілінен аударғанда бұл сөз "тайпа адамы" дегенді білдіреді.

12 қазан 2021, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.