Атырау, 23 ақпан 03:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Назарбаев АӨСШК Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды

1 192 рет қаралды

Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл бастаманы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтанда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.

"Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені қабылдауымыз керек. Мүше мемлекеттер консультативті-кеңесші орган құруды қолдады және мүшелікке кандидаттарды ұсына бастады. Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Таңертең кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты АӨСШК жетекшілігіне кандидат ретінде ұсынды. Бәріңіз бұл кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін", - деді Рахметуллин. 

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес - Азия құрлығы мемлекеттерін біріктіретін халықаралық форум, негізгі міндеті - тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту. Кездесуді шақыру идеясын алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын.

12 қазан 2021, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.