Атырау, 26 сәуір 08:00
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстанда инфляция жылдам өсіп жатыр

953 просмотра

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанның 13 облысында жылдық инфляция жылдам өсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақшалы емес факторларды тұрақтандыру үшін үкімет әкімдермен бірге 2021 жылы қыркүйекте инфляцияға қарсы шаралар енгізді. Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жиынтық өсімі тамызда 10,4 пайыздан 9,6 пайызға дейін төмендеді. Бірақ қазанның алғашқы аптасындағы қорытынды бойынша баға жыл басынан бері 9,9 пайыз болды", - деді Ұлттық банк басшысы үкімет отырысында.

Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жұмыртқа, тауық еті, қырыққабат, қант және сиыр еті қымбаттауы әсер еткенін айтты.

"Қыркүйекте дизель отыны 3,8 пайызға қымбаттады, кейбір аймақтарда 10 пайыздан асты. Өндіріс ұлғаюына, сондай-ақ, экспорттың тоқтауына қарамастан, дизель отыны тапшылығы байқалады, бұл инфляциялық қысымды арттырады және басқа тауарларға жанама әсер етеді. Жылдық инфляция 17 аймақтың 13-інде тез өсті, ал 6 аймақта 9 пайыздан асты", - деді Досаев.

Ұлттық банк мәліметінше, аймақтық нарықтағы бағаны тұрақтандыру және тауар тапшылығын болдырмау 2021 жылы инфляцияны тежеудің негізгі факторлары болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев тамыздың басында инфляцияны тұрақтандыру үшін тиімді шаралар қабылдауға тапсырма берген болатын. Қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО Басқару кеңесі төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесіп, инфляциялық дағдарыстың болжанатынын, пандемияға байланысты қиын кезеңдердің келгенін айтты.

12 қазан 2021, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.