Атырау, 18 сәуір 16:08
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қарағанды маңында жантүршігерлік апат болып, үш адам қаза тапты

772 просмотра

Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Абай-Шахтинск тас жолында Агрогородок аулының маңында болды. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген суреттер тарады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 19 жастағы жүргізуші басқарған Lada Priora автокөлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып, "Нивамен" соқтығысқан.

Апат салдарынан Lada Priora көлігінің 18 жастағы жолаушысы мен "Ниваның" 52 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші, Lada Priora көлігінің тағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі, 18 жастағы жігіт ауруханада қайтыс болды. 

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылады", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 


12 қазан 2021, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.