Атырау, 19 сәуір 11:38
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Түркістан облысында балабақша қызметкері баланы жертөлеге қамап қойған (видео)

Бейнежазба
1 088 просмотра

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы балабақша қызметкерлерінің бірі тәрбиеленушіні жертөлеге қамап қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Сарыағаш ауданындағы "Ақ көгершін" балабақшасында болған. 

Facebook қолданушысы Нұрсұлтан Тошаев балабақшада болған жағдай туралы мәлімдеп берді.  

Оның айтуынша, Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округіндегі балабақшада тәрбиеленушіні жертөлеге қамап қойған. Онда жертөледе болғанын айтқан кішкентай бала өзін қамаған жерін көрсетіп, қатты қорыққанын айтады. Бұл уақытта тәрбиеші жұмыста болмаған. Бүлдіршінді балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы жертөлеге апарған екен. Ол баланы қараңғы бөлмеде қамап қою ойында мүлдем болмағанын айтып, тек "жылан көрсету үшін" жетектеп бардым деп отырған көрінеді. 

Оқиғаға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті пікір білдірді. 

“Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Сарыағаш ауданындағы балабақшада 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған видеоны көріп қалды. Бұл жазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері мен ауданның прокуратура қызметкерлері бірден оқиға орнына барды. Болған жайт анықталып, Сарыағаш АПБ-де тіркеуге алынды”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар тәртіп сақшылары балабақша қызметкерлерінен және кәмелет жасына толмаған баланың ата-анасынан жауап алды. Қазіргі уақытта осы жайт бойынша полицейлермен қажетті деген заң аясындағы тиісті жұмыстардың барлығы атқарылуда.

11 қазан 2021, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.