Атырау, 24 желтоқсан 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Аттракционда секіріп мерт болған қыздың оқиғасы: кінәлілер 8 жылға сотталуы мүмкін

1 097 рет қаралды

Қарағанды полицейлері роупджампинг аттракционынан секірген 33 жастағы келіншектің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше, 10 қазанда болды. Дәрігерлер жәбірленушінің өмірі үшін күрескенімен, құтқара алмады. 

"Қылмыстық іс жаңа ашылған мәліметтерге байланысты ҚР ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігінен 3-бөлігіне өзгерді. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс аясында полиция аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын анықтайды және қауіпсіздік ережелерін тексереді", - деді полиция өкілдері.

Осы бап бойынша кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қарағандылық блогер Денис Денскидің сөзінше, қаза тапқан Евгенияның артында кішкентай балалары мен жолдасы қалды. Ол бұрын да биіктен секіруді жақсы көрген екен.  

11 қазан 2021, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.