Атырау, 26 сәуір 20:18
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тараз маңында тағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді - видео

1 267 просмотра

Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында осыған дейінгі өрт кезінде зақымданған қауіпті зат жарылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.  

Жарылыс 10 қазанда сағат 7.20 шамасында болған.

"Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері  жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін. Бұдан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілмек.

Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің аумағында болған өрт пен жарылыстан 17 адам қаза тапты. Оның ішінде 10-ы – азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, алтауы – қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері және бір әскери прокурор. Бір адам хабар-ошарсыз кетті.

Жарылыстан кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды.

Дереккөз: sputnik.kz 

11 қазан 2021, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.