Атырау, 17 шілде 10:23
 дождьВ Атырау +25.8
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01

Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды тоқтатады

1 150 рет қаралды

Қазақстанда 20 қазанда телерадио хабар тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды sputnik.kz.

20 қазан айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Қазтелерадио.

Айта кетері, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын өткізіледі. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.


11 қазан 2021, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.