Атырау, 3 мамыр 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Бір күнде 68 жол апаты: Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

1 152 рет қаралды

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 11 қазанда ауа райы нашарлайды, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деген болжам бар. Көліктеріңізге қысқы дөңгелек салып, баратын жерлеріңізді алдын-ала жоспарлауды, жол жүру барысында ара қашықтықты сақтап, абай болуларыңызды сұраймыз, - делінген полиция хабарламасында.
"Елордада бір тәулік ішінде 68 жол апаты тіркелді, зардап шеккен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше қамқорлық қажет", - деп толықтырды департамент.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда көктайғақ пен тұман күтілетіні хабарланған болатын.

11 қазан 2021, 08:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.