Атырау, 9 қазан 21:20
 бұлттыВ Атырау +12
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Біз қолдасақ, жерлесіміз Евровидениеге қатыса алады

Сурет
1 086 просмотра

Алғаш рет атыраулық қыз балалар Евровидениесі ән байқауына қатысуға өтінім берген үздік 30 орындаушының қатарына енді. Кіші Өнер академиясының оқушысы, 12 жастағы Айнель Асқарова Қазақстан бойынша 819 талапкер арасынан іріктеліп алынды.

Танымал вокал мұғалімі А.С.Нурашеваның шәкірті - 2018 жылы Италияда өткен халықаралық вокал байқауының лауреаты. Сайтта ұлттық іріктеудің үздік қатысушысына онлайн дауыс беру өтуде. Ол 11 қазанда түнде аяқталады. Жеңімпаз Парижде өтетін Junior Eurovision ән байқауына еліміздің атынан қатысады.

Айнель конкурсқа ағылшын әншісі Адельдің «I found a boy» әнін ұсынып, қазылар алқасы оның ерекше дауысын жоғары бағалады. Ендігі баға беру тыңдаушылардың еншісінде. Жерлесімізге қолдау көрсетейік.

Аршат ЕРМЕКҚАЛИЕВ

10 қазан 2021, 23:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.