Атырау, 24 сәуір 18:22
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Нұр-Сұлтанға бара жатқан пойызда нәресте дүниеге келді

906 просмотра

Әйел Нұр-Сұлтанға бара жатқан пойызда босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 8 қазанында "Арқалық - Нұр-Сұлтан" бағытындағы №603 жолаушылар пойызы Арқалық станциясынан шыққаннан кейін ер адам пойыз бригадасынан көмек сұраған. Жарының толғағы келген.

Пойыз бастығы Төрехан Әбдірайымовтың айтуынша, пойыз экипажы нұсқауға сәйкес әрекет етіп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды. Әбдірайымов теміржолда 8 жылдан аса жұмыс істейді, оның ішінде 3 жыл пойыз басшысы. Бұл оның тәжірибесіндегі бірінші жағдай.

"Дәрігерлер келгенге дейін теміржолшылар әйелді босануға дайындауға кірісті. Осы пойыздың жолсеріктері Ирина Андреева мен Жаңыл Баталоваға Арқалық дәрігерлері Светлана Аяпова (зейнеттегі акушер-гинеколог) мен Гаухар Қайшығұлова (медициналық ұйымның жетекшісі) көмекке келді, олар да осы пойызда болған. Вагонда әйелге босануға көмектесу үшін барлық қажетті жағдай жасалды, ал біраз уақыттан кейін нәресте дүниеге келді", - деді ҚТЖ өкілдері.

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Пойыз Державинск станциясына келгенде, жас ана Нұрайлым Құрманалы мен қызын жолсеріктер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

10 қазан 2021, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.