Атырау, 9 қазан 21:20
 бұлттыВ Атырау +12
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Тараз маңындағы жарылыстың видеосы жарияланды

Бейнежазба
891 просмотра

Куәгерлер Жамбыл облысында қару-жарақ қоймасындағы жаңа жарылыстың видеосын жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, 2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді.

Ведомство мәліметінше, жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. 

Куәгерлердің айтуынша, ауылдағы бірнеше үйдің терезесі сынған. 

"Таңертең сағат 7-де далада жүрдім, пеш жақтым. Сол кезде жарылыс болды. Бұл ауылда жаңа үйлердің терезесі сынды, ал біздің үйде терезелер жарылыс толқынынан ашылып кетті", - деді куәгер.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта биыл 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

10 қазан 2021, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.