Атырау, 22 қараша 04:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Өнер музейінің қоры жаңа туындылармен толықты

Сурет
2 166 просмотра

4-7 қазан күндері Атырауда «Сурет әлеміндегі Абай мұрасы» атты кәсіпқой суретшілердің республикалық симпозиумы өтті.

Шараға 20 суретші жиналды. Олар Абайдың шығармаларына жасалған жұмыстарды кенеп бетіне түсіріп, олар кейін Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіне қойылды. Қылқалам шеберлерінің қиялынан туындаған суреттер топтамасындағы «Абайдың қара сөзі», «Абай», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Тоғжанның келбеті» секілді картиналар көрерменге ерекше сезім сыйлайды.

Көрмеге қатысқан суретшілерге облыс әкімінің Алғыс хаты мен 200 мың теңгелік сертификат табыс етілді. Ал картиналар музей қорында қалады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

8 қазан 2021, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.