Атырау, 17 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Әуезов даңғылын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды: көше толығымен ашық

1 406 просмотра

Биылға жоспарланған Әуезов даңғылын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Жолдың кеңеюі мен айналма жолдың бұзылуына байланысты Азаттық, Әуезов даңғылдары мен Қабдолов көшесінің өткізу қабілеті артты. 

Жұмыс учаскелер бойынша жүргізілді. Бірінші бөлік - Азаттық пен Әуезов даңғылдарының қиылысы 10 мамырда жабылды. Енді едәуір кеңейтілген қиылыс бағдаршаммен реттеледі, көліктердің оң жақтан шығуы негізгі көлік ағынын жеңілдетті. Қиылыс қауіпсіздік аралдарымен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

800-ге жуық көпжылдық ағашты сақтау үшін 850 м ұзындықта жолдың ені 11 м-ге өзгертілді. 

Жол табанын түгел бұзып, қайта жаңартқаннан кейін төсем салудан басқа үлкен көлемде ілеспелі жұмыстар жүргізілді. 

Қайта жарақтауға іліккен бүкіл инженерлік коммуникацияларды қайта жүргізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жылу жүйесінің ауа компенсаторы жол төсемінің астына ауыстырылды. Бұрын көлемді құбырлардан тұратын бұл «портал» жол үстінде болатын. Қазір ол жер астында тереңде қорғаныс темірбетон науасына салынған және темірбетон плиталармен қапталған. Беткі қабатта, жол төсемінің еніне қорғаныш болат гильзалар төселді, жерасты телекоммуникация желілері темірбетон плиталармен қорғалған. 

Көше бойында кеспе тастардан жаяужолдар, велосипед жолдары салынған. 109 жаңа жарықтандыру бағаналары орнатылды. Жобада Атырау мұнай өңдеу зауытынан бастап Азаттық даңғылымен қиылысқа дейінгі учаскедегі көшенің екі жағында су бұру науалары қарастырылған. 

Теміржолдың бір учаскесі жөнделді, ескі теміржол өткелінің шпалдары мен рельстері ауыстырылды. 

Қаражаттың бөлінуіне қарай көшенің қалған бөлігін қайта жарақтау жұмыстары жалғасады. 

«Атырауинжстрой-АИС» ЖШС баспасөз қызметі

8 қазан 2021, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.