Атырау, 24 желтоқсан 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

АҚШ "Талибан" қозғалысының бұрынғы командирін америкалық сарбаздарды өлтірді деп айыптады

1 308 рет қаралды

АҚШ билігі "Талибан" қозғалысының бұрынғы командиріне (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) 2008 жылы америкалық әскери қызметшілерді өлтірді деген айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, 2008 жылы америкалық журналистті ұрлады деп айыпталған Хаджи Наджибуллаға, 2008 жылы Ауғанстандағы америкалық әскерлерге жасалған шабуылдар, оның ішінде үш америкалық сарбаз мен олардың ауған аудармашысын өлтірді және америкалық тікұшақты жарып жіберді деген айып тағылды. 

Айыптау 2007-2009 жылдар аралығында америкалық әскери қызметшілерге қарсы жасалған қылмыстарға қатысты қойылды. Бұрынғы қолбасшының 2008 жылы қарашада Ауғанстанның екі азаматымен бірге америкалық журналистің ұрлануына қатысы бар деген болжам бар.

8 қазан 2021, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.