Атырау, 17 мамыр 08:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қостанайда алимент төлемеген әйел түрмеге қамалды

1 155 просмотра

Алимент төлегісі келмеген қостанайлық әйел алты айға абақтыға қамалды, деп хабарлайды 24kz.

 Әйелдің кәмелет жасқа толмаған балаларына берешегі үш миллион теңгеден асқан. 2018 жылдан бері алимент төлемепті. Осы мерзім ішінде сот үкімімен келіншек бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылған. Тіпті шартты түрде бір жылға бас бостандығы да шектелген. Бірақ еш нәтижие шықпағасын сот орындаушылары жазаның қатаң түрін қолданыпты. Жалпы өңірде алимент төлемейтіндер көбейіп тұр. 

Сот орындаушылардың тартпасында жалпы сомасы 600 миллион теңгеге жуықтайтын 16 мыңнан астам іс жатыр.  Несібелі Бәсенова, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы: 

- Бас бостандығынан айырылғанымен оның қарызы өшіп кетпейді. Егер сот орындаушы жұмысқа тұрғызатын болса, орындау парағын сонда жіберіп алты ай мерзім күтеміз. Қанша сома түсетінін баланың пайдасына. Шықаннан кейін алты айдың алиментін тағы да есептеп қосып береміз. Сонымен бірталай ақша болайын деп тұр. Екі баласы әкесінің қолында. Өзі бағып өсіріп жатыр қазіргі таңда. Осы категория бойынша: « СҚО-ның Лебяжье ауылында 3,5 мың құсты жойып жіберді Қазақстанда коронавирустан жазылған адам саны 841 мыңнан асты »

8 қазан 2021, 08:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.