Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырған тұрғын 2 бөлмелі пәтер ұтып алды

1 101 просмотра

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғандар арасында ойнатылған 2 бөлмелі пәтерді Әсемгүл Ысқақова ұтып алды, деп хабарлайды sputnik.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы екпе алып, ұтысқа қатысқандар арасында 75300 нөмірлі Ысқақова Әсемгүл Еркінбекқызы елордадағы басты сыйлық – 2 бөлмелі пәтерге ие болды", - делінген хабарламада.

Ұтысқа 25 маусым мен 28 қыркүйек (қоса есептегенде) аралығында Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысты.

Елорда әкімдігі бұдақ бөлек, апта сайын вакцина салдырғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп келді. Нәтижесінде 19 iPhone телефоны, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, "Алиса" ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш үлестірілді.

Сонымен қатар вакцина салдырғандар арасында бағалы заттарды сауда және ойын-сауық орталығы, сауда үйлері де өткізді. Мысалы "MEGA Silk Way" сауда және ойын-сауық орталығының вакциналау пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар арасында автокөлік ойнатылды.


8 қазан 2021, 08:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.