Атырау, 17 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялардың тізімі жарияланды

1 152 просмотра

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізімге 121 компания енгізілген, оның 56-сында қаржы пирамидасының белгілері бар, ал 65-і заңсыз инвестициялық делдалдар (жалған брокерлер).

Қаржы нарығындағы заңсыз қатысушыларды мыналар арқылы анықтайды:

интернеттегі ақпараттық кеңістіктің мониторингі; блогтар, форумдар, бейнехостингтер және мессенджерлер арқылы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (жыл басынан агенттікке күмәнді компаниялардың қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш келіп түсті); азаматтық қоғам институттарын білдіретін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде.

Ведомство мұндай тізімді қалыптастыру нарықта әділ бәсекелестікті сақтауды және заңсыз қызмет белгілері бар субъектілерді тиімді анықтауды қамтамасыз етеді деп санайды.

Агенттік қаржы нарығының барлық субъектілерін күдікті компаниялар туралы хабардар етеді, сондай-ақ осындай компаниялардың сайттарын одан әрі тексеру және бұғаттау үшін құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдармен өзара жұмыс жасайды.

"Заңсыз қызмет белгілері бар компания бойынша сайттың атауы, мекенжайы, заңсыз қызметтің сипаты көрсетілген. Алдағы уақытта ақпарат үнемі жаңартылып отырады", - делінген хабарламада.

7 қазан 2021, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.