Атырау, 9 қазан 22:25
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

"Салдары ауыр болуы мүмкін": депутат нанның қымбаттауына алаңдады

1 061 просмотра

Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев нан бағасының өсіп жатқанына назар аудартып, дабыл қақты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне қатысты мәселелер көбірек көтеріліп жүр. Халық бағаның реттелмейтініне, тіпті кейде әртүрлі болатынына шағымдануда. Мысалы, ең танымал 1-сұрыпты ұн 150-200 теңге аралығында сатылады және одан әрі өсу үрдісі бар. Ал ұн бағасы осы жаздың өзінде 120-130 теңге болды", - деп бастады Әміреев вице-премьер Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалын.

Депутат биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін құрғақшылық салдарынан астық түсімінің төмендігі елеулі соққы болғанын атап өтті. Сондай-ақ жанар-жағармай тапшылығы, тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы техникасы құнының жыл сайынғы өсуі де астық бағасына әсер етті.

"Біреулер үшін жанар-жағармай бағасының күрт өсуі нормаға, жауапсыздық нормасына айналды. Бұл үнемі, дәлірек айтқанда, көктемгі егіс жұмыстары мен егін жинау кезінде болады. Депутаттар да бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатын, бірақ бұрынғы жартас – сол жартас. Бұл ауыл шаруашылық мамандары үшін ең жауапты сәтте қасақана жасалатындай әсер қалдырады", - дейді Әміреев.

Айтуынша, соңғы айда астық 50%-ке, ал ұн небәрі 12-15%-ке өсті.

"Логика қайда? Не істеу керек? Ұн тартушыларға шикізат жетіспейді. Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың қолдан жасалуына жол береді. Өндірушілер бағаның одан әрі өсуін күтіп, астықты өздерінде ұстап қалуы мүмкін. Қазір жұмсақ бидай тоннасына шамамен 125 мың теңге тұрады", - деді мәжілісмен.

6 қазан 2021, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.