Атырау, 18 желтоқсан 18:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Министр Мәскеуге неге барды? Халықты қырған «Мырзажан» құрметтеуге лайық тұлға ма? Баспаналы болудың жолдары қандай? Шудың шөбі Испанияға не үшін қажет?

8 384 просмотра

BNEWS.KZ. «Қайрат Түнтеков Алматыда жол апатын жасағаны үшін 40 күнге қамауға алынбақ» - «Қатты шошып қалдым, мұндай оқиға өмірімде бірінші рет болып отыр. Жолда жүргенде ешқашан апатқа ұшыраған емеспін. Мен өтей алмадым, мен айттым, түсіндірдім. 60 мың доллар деген аз ақша емес. Әңгіме болды, мен тағы да қайталаймын, сот қанша деп шешсе, соншалықты келтірген шығынымды өтеуге дайынмын», - деп түсіндірді жағдайын әнші. 

 

AIKYN.KZ. «Халықты қырған «Мырзажан» құрметтеуге лайық тұлға ма?» - Кезінде «Аса құпия» деген таңбамен келіп, «республика бойынша ... еркек, ... әйел адам атып тасталсын» деген хаттар болған ... Қа­зақ халқының қаймағын қал­қып алған Мирзоян-Сталин тандемінің құпиясын мына құжат дәлелдейді. Бұл 1937 жылы «Мырзажан­ның» Сталинге жазған құпия хаты.

«Банкті банкрот еткен менеджерлерді «қара тізімге» алу керек пе?» - "Шет елдерде бұл тәжірибе бар, өндіріс орындары болсын, мемлекеттік құрылымдар болсын, бұрын қызметін ұқсата алмаған адамдар екінші мәрте басшылық қызметке баруға құқысы жоқ. Онысы дұрыс, деп ойлаймын".

ALASHAINASY.KZ. «Министрліктегілер науқасқа емес, дәрігерге алаңдайтын сияқты»

«Арзан әуен ән бұзар» - "Өзбек жеріне табаныңыз тиісі­мен-ақ, сайраған әні арқылы қайда келгеніңізді сезінесіз. Бізде бәрі басқаша: белгілі бір дәстүрлі әндер кеші, ресми ән кештері болмаса, ұлттық нақышқа бай қазақы әндерді тыңдау мүмкін емес. Халқымыз: «Не ексең, соны орасың», – дейді. Қазір арзан музыка көбейіп кетті деп жатсақ, бұл да –  өз еккеніміз­дің жемісі".   

HALYKSOZI.KZ. «Марченко міз бақпайтын монумент пе?» - "Оған дейін бізде ешқандай банк те, ешқандай қаржылық жүйеміз де болмаған сияқты... Ал шындығын айтқанда банк жүйесінде шешуші рөл атқарған адамдар Сембаев пен Жандосов болатын. Марченко 1999 жылы әлемдік қаржылық дағдарыстан, ресейлік дефолттан, Қазақстан девальвациядан арылып болған кезде келді. Сембаев пен Жандосов өздеріне бұл сияқты шебер пиар жасай алмайды...".

Уәлихан ҚАЛИЖАН: Депутаттықтан түскенде қорланғаным да, қиналғаным да рас...

TURKYSTAN.KZ. «Шекара қызметіндегі шетін оқиғалар» - Ашхабад түрмесінде зарыққан азаматтарымызға көмек берілмей отыр.

«Министр Мәскеуге неге барды?» - Ерлан Ыдырысовтың Мәскеу сапарының кейбір қырлары.

ZHASALASH.KZ. “Мен Рахат Әлиев емеспiн ғой...” - Сонда Алтынбек Сәрсенбайұлы: “Астанада жүргенде парламенттiң, үкiметтiң командасымен футбол ойнайтынбыз. Рахат Әлиев те өз командасын алып келетiн. Командасы ұтылып қалса немесе ойын барысында бiреу оны шалып құлатса, пас бермей қойса, ойыннан кейiн Рахат Әлиев әлгi “кiнәлiнi” тапаншамен қуалайды екен. “Рахат Әлиев емеспiн ғой” деген себебiм сол, жiгiттер”, – деп күлдi. Ал бiздiң шек-сiлемiз қатты...

AZATTYQ.ORG. "Рипабликтің" "бас оқырманына" айыппұл салынды - Сот Татьяна Трубачеваның «Рипабликтегі» көп авторлардың бірі екеніне, ал бұл газеттің жабылған оппозициялық «Голос республики» басылымының жалғасы емес екеніне сенбеді.

«Skype қауіпсіздігі туралы пікір әрқилы» - Саяси белсенділер мен диссиденттер «арнайы органдар тыңдайды» деп телефонмен ашық сөйлесуден қорқады. Шындығында стационарлық және мобильді құрылғылар арқылы  жұрт әңгімесін тыңдау үкіметке қиын шаруа емес.

EV: «Қазақстан - ядролық келіссөздер өткізуге қолайлы ел» - Қазақстанда 2013 жылы ақпан айының аяғында Иранның ядролық мәселесіне байланысты халықаралық келіссөздер өтетін болды.

ABAI.KZ. «Қоғам қандай – шекараң сондай!» - "Бұл Елбасы мен оның сенімді адамдарынына бағытталған соққы"

«Махамбет философиясы» - Махамбетше өмір кешу - қажет! Спартандық хал-ахуал, қатал тұрмыс алысқан жаудың жігерін мұқалтады, бірақ , өзіңе қайрат береді, бойыңа күш-қуат қосады, тілемсектеніп ел аралап қайыр сұрама, күйреуіктей жасып, езіліп кетпе, намыстың қайқы қылышын қоршауды, шеңберді бұзып-жарып, дұшпанға сілте, сөздің өткір - селебе жүзін өтірікке жұмса, сөйтіп, жағдайы әрі қатаң, әрі жалаң тіршіліктен де асып түс. Тыныштықты бұз, көңілді мазала, ұйқы көрме, тыным таппа, аз мүмкіндікпен көп нәрсеге жет, мол табысқа кенел.

MASA.KZ. «Шудың шөбі Испанияға не үшін қажет?» - Ұлан-байтақ жеріміздің  асты-үстіндегі  қазынасын «тонап» жатқандар аз емес.     Шетелдік инвесторлардың  ендігі құныққаны   – Шу  өңірінде  өсетін  «даңқты»  шөп.  Миллион  доллар  қаражат табатын қурайдың  жаңа  иелері −  испандықтар.

EGEMEN.KZ. «Баспаналы болудың жолдары қандай?» - "100 мың теңге және одан көп айлық табысы бар жастардың саны өте көп. Қор­дың бағдарламасы осы санаттағы адамдарға, яғни табысы орташа адамдарға арналған".

«АҚШ президенті көктемде жұмыс сапарымен Таяу Шығысты аралайды» - «Сапардың мақсаты – біздің палестиналық және Иорданиядағы ұлттық әкімшіліктегі жауапты тұлғалармен екіжақты және аймақтық мәселелерге қатысты тығыз қарым-қатыныстағы ынтымақтастығымызды жалғастыру»

8 ақпан 2013, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.