Атырау, 17 шілде 11:35
 дождьВ Атырау +25.8
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01

Тоқаев Жамбыл облысына барды

1 124 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапар барысында Қазақстан Президенті иммунобиологиялық препараттардың биофармацевтикалық зауытына барып, коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын дайындау процесімен танысады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндамасын тыңдайды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барған болатын.

4 қазан 2021, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.