Атырау, 24 желтоқсан 15:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

ІІМ қазақстандық көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

1 858 рет қаралды

ІІМ жүргізушілерге ауа райының нашарлауы кезіндегі қауіп-қатер туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет" РМК хабарлауынша, бірқатар облыстарда ауа райының нашарлауы, қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі. Автокөлік иелері ауа райының өзгеруін, сондай-ақ ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды мұқият қадағалап отыруы тиіс. Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды”, –делінген хабарламада.

Қауіпсіз қозғалыс үшін ауа райының қозғалысқа әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ автомобильдің тежеу жолын ұлғайтатын және оның басқарылуына әсер ететін жол төсемінің сапасын өзгеруін ескеру ұсынылады.

Сондықтан жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдықты және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды.

30 қыркүйек 2021, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.