Атырау, 7 мамыр 08:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстандық блогер Супермамаситаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 484 просмотра

Супермамасита деген атпен танымал блогер Әлия Байтұғаеваға қатысты іс Алматы қалалық полиция департаментінің мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімінде қаралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша шешім әлі қабылданбаған. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында айтты.

"Байтұғаеваға қатысты бұлтартпау шарасы қабылданбаған. Тергеу жүргізілуде, азаматтардан қаражат өндіру әрекеті бойыншы тиісті тексерулер жасалуда. Жақында бұл тексерулердің барлығы аяқталып, біз тергеудің келесі кезеңіне өтеміз", – деп мәлімдеді Әбдірахманов.

Бұған дейін, миллионер-блогердің жазылушылары пайдасы болмаған курстың ақшасын қайтаруды талап етіп полицияға арызданғаны жазылған болатын. Полицияға жүгінгендердің арасында қазақстандықтар ғана емес, ТМД-ның басқа елдерінің тұрғындары да бар. Азаматтар 2021 жылдың 23 шілдесінен бастап арызданған.  

30 қыркүйек 2021, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.